Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Көпбалалы аналарды қуантты

«Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 28.10.2021 2528 0 пікір
Көпбалалы аналарды қуантты

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры «Әр аптада бір шара» жобасы бойынша 1100 көпбалалы анаға тосынсый жасады.

Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетіп отырған батыр аналардың бірі баспана кілтіне ие болса, зекет өкілдері енді бірінің шаңырағына жылыту қазандығын қондырып берді. Одан бөлек азық-түлік, ет, киім-кешек, зекет беріп, асыл аналарымызды қуантқан акция жөнінде ұйымдастырушылар:

«Ізгілік атаулының бәрі күннің нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған» дейді дана халық. «Ана – әлемнің шырағы, тіршіліктің алтын арқауы. Жәннат – ананың табанының астында» деген. Осы сөздердің астарында теңіздей терең мән-мағына жатқаны аян. Ел қорғаған батыр да, сөз маржанын терген ақын да анадан туады. Атам қазақ көп ұрпақ өрбіткен аналарды «алтын құрсақ» деп атап, ерекше сый-құрмет білдірген екен. Аяулы жандарға қай уақытта құрмет көрсетсең де артық етпейтінін ескеріп, елдің болашағын тәрбиелеп отырған көпбалалы аналарға жомарт-жандардың демеушілігімен сый жасадық» дейді.

Еске сала кетейік, «Зекет және қайырымдылық» қорының ел ішіндегі іргелі жобаларының бірі осы «Алтын құрсақты батыр анаға тосынсый» акциясы.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру