Бүгін Ресейдегі Татарстан Республикасының Болгар қаласында «Ресей мұсылмандарының теологиялық құндылықтары» атты ІІІ халықаралық форумы өтіп жатыр.
Форумға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар қатысып, Ресей мұсылмандарын айтулы шарамен құттықтады. Наиб мүфти екі ел арасындағы бауырластықтың жоғары екенін атап өтіп, Қазақ мәдениеті мен Ислам құндылықтарының байланысы жайында баяндама оқыды.
Сондай-ақ Еділ Болгариясының Ислам дінін қабылдағанына 1100 жыл толуына орай өткізілген форумда екі халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Олар «V халықаралық Болгар оқулары» және «Ресейдегі мұсылман теологтарының мұрасы: сақтау және зерттеу мәселелері» тақырыбында өтті.
Аталған конференцияға Қазақстаннан ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар және Нұр-Мүбарак университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев қатысты.
Айта кетейік, бес күнге созылатын ауқымды халықаралық шараға исламтанушы, дінтанушы, тарихшы ғалымдар мен ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысуда.
Pіkіrler (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру