Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ «ЖУСАН» ОПЕРАЦИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОТАНҒА ОРАЛҒАН АЗАМАТШАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 18.09.2021 2832 0 пікір
БАС МҮФТИ «ЖУСАН» ОПЕРАЦИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОТАНҒА ОРАЛҒАН АЗАМАТШАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атыраудағы «Иманғали» мешітінде «Жусан» операциясы арқылы елге оралған азаматшалармен кездесті.

Басқосуда Бас мүфти: «Аллаға шүкір, мемлекетіміз шетелдегі қандастарымызға да қамқорлық танытып, соғыс оты өршіген елден өздеріңізді алып келді. Әрбір адам баласы қашан да жақсылықты үміт ететіні рас. Пенде өзінің үміті арқылы түрлі белестерден қиналмай өтіп, биік шыңдарға шығып, көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Қателік жасау – о бастан адам табиғатына тән құбылыс. Пенде «мен қателік жасадым, енді болашағым бұлыңғыр» деп үмітсіздікке салынбау керек. Керісінше, келешегі жақсы болатынына үміт артып, жақсылығын күту қажет. Халқымыз «Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйрін тапқан соң» дейді. Сондықтан сіздерді қоғамға сіңісіп, елге қызмет етуге шақырамын» деді.

Кездесу барысында әйелдер мемлекет пен ҚМДБ қамқорлығына алғыс білдірді. Сонымен қатар көкейдегі сауалдарын Бас мүфтиге қойып, жауап алды.    

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру