Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ ТЕМІРЖОЛШЫЛАРҒА ИХСАН ІЛІМІНІҢ МӘНІН ТҮСІНДІРДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 15.09.2021 2638 0 пікір
БАС МҮФТИ ТЕМІРЖОЛШЫЛАРҒА ИХСАН ІЛІМІНІҢ МӘНІН ТҮСІНДІРДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына жасаған сапары кезінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының Атырау магистралдық желі бөлімшесі қызметкерлеріне ихсан ілімінің мәні мен маңызын түсіндірді.

«Ихсан – кез келген адам мен ұжымға қажет ілім. Өйткені ихсанның басы біреуді ренжітпеумен басталып, соңы біреуге ренжімеумен аяқталады. Ихсан ілімі адам баласын құлшылық пен әр істі көркем түрде орындауға, айналадағы кісілермен жақсы қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді. Діни басқарма ата-бабамыздан ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан осы ілімді халық арасында кеңінен насихаттауға көңіл бөлуде» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесуде бөлімше директоры Елубай Сапаров Бас мүфтиге алғысын білдіріп, ізгі ниетін жеткізді. Сонымен қатар темір жол саласының ардагер қызметкерлері ұрпақ тәрбиесі жайлы пікірін ортаға салды. Кездесу соңында Бас мүфти «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын сыйға тартты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру