Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

БАС МҮФТИ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 11.09.2021 2781 0 пікір
БАС МҮФТИ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

Еліміз бойынша барлық мешітте жұма намазы оқылды. Жамағат көптен күткен жұма намазында уағыз тыңдады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде болып, жамағатқа жұма уағызын айтты.

Отбасы құндылықтары туралы насихат айтқан Бас мүфти: «Исламда отбасы құндылықтарын сақтау жолдары өте нәзік суреттелген. Ислам ер мен әйел бірін-бірі толықтырып тұратындығын және бір-бірі үшін тірек болатындығын бекітіп, қасиетті Құранның Бақара сүресінің 187-аятында: «Олар сендерге киім, сендер де оларға киім іспеттісіңдер»деген. Сондай-ақ, Құран Кәрім мен пайғамбарымыздың сүннетінде әйел адамға ерекше көңіл бөліп, оның ар-намысын қорғап, қоғамда лайықты орынға ие болуын қамтамасыз етеді» деді.

Айта кетсек, жұма намазы санитарлық талаптарға сай өтті. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жамағатты мешітке келгенде санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырады. 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру