Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«ОРАЛ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 08.09.2021 3718 0 пікір
«ОРАЛ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Бақытжан Құралбайұлы БҚО өкілдігі мен Орал орталық мешітінің бас имамы қызметін сақтай отырып, «Орал» медресе-колледжіне директор болып тағайындалды.

Білім ордасының жаңа басшысын ұстаздар мен шәкірттерге ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков таныстырды.

Ақжайық өңірінде бірнеше жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан Бақытжан Құралбайұлына бұл оқу ордасы таңсық емес. Смайыл Сүйерқұлұлы білім жолында да, еңбек жолында да көрген-түйгені мол жаңа басшы, медресе-колледж жұмысына серпін беріп, тың бастамаларға себепші болатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ бөлім меңгерушісі медресенің тыныс-тіршілігімен танысып, шәкірттермен кездесті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру