Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

23 April 2024

14 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚҰРАН ЖАРЫСЫ: ЖҰМЫС ТОБЫ ТҮРКІСТАНҒА КЕЛДІ (ФОТО)

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 03.09.2021 3556 0 пікір
ҚҰРАН ЖАРЫСЫ: ЖҰМЫС ТОБЫ ТҮРКІСТАНҒА КЕЛДІ (ФОТО)

Қазан айында өтетін Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық жарысқа орай Бас мүфти тапсырмасымен ҚМДБ-да құрылған арнайы жұмыс тобы Түркістан қаласына келді.

Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұровтың жетекшілігімен Түркістан облыстық мешітінде жиын өтіп, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өтетін тағылымы мол жарыстың дайындық жұмыстары талқыланды. Жиынға ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігіт пен «Muftiyat» баспасының директоры Мұрат Манапұлы, сондай-ақ өңір имамдары қатысты.

Облыс бас имамы Еркебұлан Қарақұлов айтулы жарысқа дайындық барысын баяндады. Жұмыс тобы жарыс өтетін және қариларды күтетін орындарды аралады. Батыржан Берденұлы өңір имамдарына бірқатар тапсырмалар берді.

Еске сала кетейік, 13-14 қазан күндері Түркістан қаласында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық жарыс өтеді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру