Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

17 April 2024

8 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ ӨҢІРІНДЕ ҚҰРАН ХАТЫМ ОҚЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 29.08.2021 4105 0 пікір
ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ ӨҢІРІНДЕ ҚҰРАН ХАТЫМ ОҚЫЛДЫ (ФОТО)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.

Жалпыұлттық аза тұту күніне орай бүгін еліміздің барлық мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды. Бас мүфти бастамасы негізінде жүзеге асқан игі іске еліміздің барлық өңіріндегі құлшылық ордалары бірыңғай үн қосып, жергілікті уақыт есебімен сағат 10.00-де бір мезетте Құран оқылып, қазаға ұшыраған марқұмдардың рухына бағышталды.

Еліміздің бас мешіті «Әзірет Сұлтанда» өткен сауапты шараға ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар арнайы қатысып, Құран хатым дұғасын жасады. Қасиетті Құран аяттарынан болған сауапты марқұмдардың рухына бағыштап, жарылыстан зардап шеккен жамбылдық жерлестерімізге сабыр мен шыдам, жеңілдік сұрап бата қайырды.

Айта кетейік, бірнеше жанның өмірін жалмап, айналасын отқа ораған қайғылы оқиғаға орнына қазіргі уақытта еліміздегі барлық өкілдіктің ұйымдастыруымен гуманитарлық көмек жеткізіліп жатыр.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру