Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ТАЛАПКЕР-2021: МЕДРЕСЕЛЕРДЕ ЕМТИХАН БАСТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 23.08.2021 3512 0 пікір
ТАЛАПКЕР-2021: МЕДРЕСЕЛЕРДЕ ЕМТИХАН БАСТАЛДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 9 медресе-колледжде 2021-2022 оқу жылына талапкерлерді қабылдау емтиханы басталды.

Бұл туралы ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков хабарлады. Оның айтуынша, ең алғашқы емтихан 19-20 тамыз күндері «Астана» медресе-колледжінің ұлдар және қыздар бөлімінде өткен.

«Медреселерімізге қабылдау емтихандары 26 тамызға дейін жалғасады. Бүгінге дейін «Астана», «Сарыағаш» және Алматы облысындағы «Үшқоңыр» медресе колледжерінде емтихан өтіп, оған 982 талапкер қатысса, оның 498-і – ер бала және 484-і – қыз бала. Бүгін «Шымкент» және Алматыдағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжінде білім сынағы өтіп жатыр. Талапкерлерден Діни білім және кадр даярлау бөлімінің мамандары мен медресе ұстаздары емтихан қабылдауда» дейді Смайыл Сүйерқұлұлы.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру