Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ТҮРКІСТАНДА Х РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН КӘРІМ ЖАРЫСЫ ӨТЕДІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 20.08.2021 5608 0 пікір
ТҮРКІСТАНДА Х РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН КӘРІМ ЖАРЫСЫ ӨТЕДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қазан айында қасиетті Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқау өтеді.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің», – деп айтқандай, Діни басқарма жылдағы дәстүр бойынша Х Республикалық Құран сайысын Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерей тойына орай қазан айының 6-7 күндері киелі Түркістан шаһарында өткізуді жоспарлап отыр. Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша ұйымдастырылады.

Құран жарысына қатысушыларға қойылатын талаптар:

– Құранды қатесіз жатқа және тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;

– үміткер өз облысындағы алдын ала іріктеу сайысында 1-орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады;

– толық Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер Республикалық, халықаралық жарыстарда 1-орын алмаған болуы керек;

– үміткер ҚР ер азаматы болуы керек;

– үміткердің жасы 30-дан аспаған болуы керек;

– үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады.

Қажетті құжаттар:
  1. Үміткердің анкетасы;
  2. Жеке куәлік көшірмесі;
  3. Іріктеу сайысының сертификат көшірмесі;
  4. Облыс Бас имамының ұсыныс хаты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге автокөлік пен қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі. Номинациялар:

1. Толық Құранды жатқа оқудан:

1-орын (Авто көлік)

2-орын (3 000 000 тг.)

3-орын (2 000 000 тг.)

 

2. Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша: 

1-орын (2 000 000 тг.)

2-орын (1 500 000 тг.)

3-орын (1 000 000 тг.)

 

3. Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша:

1-орын (1 500 000 тг.)

2-орын (1 000 000 тг.)

3-орын (750 000 тг.)

 

4. Құранды мәнерлеп оқу бойынша:

1-орын (1 000 000 тг.)

2-орын (700 000 тг.)

3-орын (500 000 тг.)      

Құрметті жамағат!

Айта кетейік, бұл жолы байқауға қатысып, жеңімпаз атанғандар үшін демеушілер тарапынан қомақты қаражат бөлініп отыр.  Баршаңызды қайырлы іске атсалысып, Алланың разылығын алуға шақырамыз.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру