Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

РАНТ МҮШЕСІ – ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНДЕ

sunna.kz 17.08.2021 2366 0 пікір
РАНТ МҮШЕСІ – ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНДЕ

Өткен аптада РАНТ мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы іссапармен Солтүстік Қазақстан облысында  болды.

Іссапардың алғашқы күнін өңірдегі дін мәселесіне жауапты мамандармен, сонымен қатар аймақтық түсіндіру топ мүшелерімен, Дін істер басқармасы қызметкерлерімен кездесіп, «Жат ағымдар несімен тартымды?» (немесе «Жастарды арбау тәсілдері») тақырыбында баяндама жасады.

Одан бөлек Заречное кентіндегі ЕС-164/3 түзету мекемесінде болып, сотталған азаматтармен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында жазасын өтеушілер дін тақырыбында толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жеке өтініштерін білдірді.

Сондай-ақ Хамзат Қажымұратұлы жергілікті БАҚ өкілдеріне жұмыс сапарының мақсаты мен ҚМДБ-ның жат ағымның алдын алу бағытында жасап жатқан кешенді жұмыстары жайында баян етті.

Жұмыс сапарының екінші күні Ғабит Мүсірепов ауданының жамағатымен кездесіп, жұма намазында уағыз айтты.

«Елімізде, жалпы әлемде жат ағым қаупі біраз деңгейде азайғанымен, олармен күрес тоқтамайды, бұл ауқымды жұмыстар болашақта да жалғасын табады» дейді РАНТ мүшесі.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру