Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ БАС ЕСЕПШІСІ ИСЛАМ ҚАРЖЫСЫ КУРСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 31.07.2021 3305 0 пікір
ҚМДБ БАС ЕСЕПШІСІ ИСЛАМ ҚАРЖЫСЫ КУРСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Татарстан астанасы Қазан қаласындағы ХІІ халықаралық «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit» экономикалық саммитіне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ делегациясы бірқатар іс-шараларға қатысқан болатын.

Мәселен ҚМДБ бас есепшісі Лаура Байжарасова саммит аясында 28-29 шілде күндері өткен Ислам қаржысы жөнінде курсқа қатысып, арнайы сертификатқа ие болды. Қаржы саласына қатысты заманауи және шариғи мәселелер және оларды шешу жолдары мен Ислам қаржысы саласының даму перспективалары семинар барысында баяндалып, делегаттарға жан-жақты түсіндірілді. 

Атап айтқанда Ислами қаржылық мәселелерді дамыту аясында Лаура Тілеуханқызы:

  • Ресей ислам институты мен «Ак Барыс» банкінің ұйымдастыруымен «Ресей және ТМД елдеріндегі Ислам экономикасын көтерудегі Халықаралық ұйымдардың ролі»;
  • ISIBEL ұйымының «Зайырлы мемлекеттерде Шариғат талаптарына сай бизнес жүргізу (BIBF)»;
  • Дубай еліндегі Ислам экономикасын дамыту орталығының (DIEDC) «Квалификация көтеру курсында» «Қаржылық және қаржылық емес ұйымдарда «Sharia complains» есептеу жүйесі бойынша есеп жүргізу»;
  • Дубай еліндегі Ислам экономикасын дамыту орталығының (DIEDC) «Квалификация көтеру курсында» «Ұйымдардың қаржылық емес секторында «Sharia complains» есептеу жүйесін қолдану»;
  • Дубай еліндегі  Ислам экономикасын дамыту орталығының (DIEDC) «Квалификация көтеру курсында» «Ресей еліне Ислами қаржыландырудың қажеттілігі – мүмкіндіктер»;
  • Ак Барыс банкінің ұйымдастыруымен «Қаражаттың ұзақ мерзімге ресурс болуы» туралы тақырыптарда білімін жетілдірді.

Сондай-ақ ҚМДБ-ның бас есепшісі 15 елден келген делегаттармен дөңгелек үстел үстінде «Ислами қаржылық мәселелер» бойынша халықаралық әріптестікті талқылауға қатысты.

Ислами қаржыландыру аясында Бахрейн, Сауд Арабия Корольдігі мен Татарстан ұстаздары дәріс оқыды.

Еске сала кетейік, Татарстан астанасы Қазан қаласында 28-30 шілде күндері ХІІ халықаралық «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit2021» экономикалық саммиті және «Russia Halal EXPO» халал индустрия көрмесі өтті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру