Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

САРЫАҒАШТА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 24.06.2021 4138 0 пікір
САРЫАҒАШТА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен халықаралық конференция басталды.

Әбдісаттар Сманов пен Әбдіғаппар Шәкірұлының рухына арналған «Дін руханиятының ұлағатты ұстаздары» ғылыми-танымдық конференциясына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Усманхан Алимов, Қырғызстан мүфтиінің міндетін атқарушы Жоробой қажы Шерғазыев, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері, облыстың бас имамдары мен медресе директорлары қатысуда.

Алқалы жиын алдымен Смановтар әулетінен дүниеден өткен жандардың рухына Қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Құран дұғасы жасалып, Әбдісаттар мен Әбдіғаппар ұстаздардың дін руханияты жолында атқарған еңбегіне тоқталған қысқаша бейнеролик ұсынылды.

Конференцияда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің мүфтилері баяндама жасайды деп күтілуде.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру