Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ 8D ФОРМАТТА ЖАСАЛҒАН МҰРАЖАЙ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 21.06.2021 2850 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ 8D ФОРМАТТА ЖАСАЛҒАН МҰРАЖАЙ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына жасаған сапарында «Керуен сарай» туристік кешенінің 8D форматта жасалған театр-мұражайында болып, қазіргі технология көмегімен салынған қазақ тарихына саяхат жасайтын мұражай жұмысымен танысты.

Айта кетсек, «Керуен сарай» туристік кешені – Түркістанда салынған ірі нысанның бірі. Аумағы 188 гектар жерді алып жатқан ерекше қалашықтың ішінде жаңа технологияның көмегімен 8 D форматта жасалған халқымыздың тарихына әсерлі саяхат жасайтын театр-мұражай бар. Мұражай қызметкерлері Бас мүфти бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы делегациясына халқымыздың тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен таныстырды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Darhan Dala» жобасын қолдау мақсатында барған бір топ дін қызметкері тарихи мұражайды аралап, құнды мәліметтер алды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру