Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ДІНИ БАСҚАРМА ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 18.06.2021 3300 0 пікір
ДІНИ БАСҚАРМА ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

Бүгін Киелі Түркістан облысына ресми сапармен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация «Darhan Dala» жобасын қолдау мақсатында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болып, ізгілік пен имандылықты насихаттауға сүбелі үлес қосқан ұстаз рухына қасиетті Құран аятын бағыштап, дұға жасады.

«Алла Тағала киелі мекен – Түркістанда жерленген ел билеген хан-сұлтандарымызды, абыз-әулиелерімізді рақымына бөлегей. Жаратушы Жаббар Иеміз Қожа Ахмет Ясауи бабамызды мейіріміне алғай. Еліміз аман, жеріміз тыныш, егемендігіміз баянды болғай» деп дұға етті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Түркістан топырағы тарихи ескерткіштерге бай өлке. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткішінің бірі. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, сопылықты уағыздаушы Ахмет Ясауи бейітінің басына орнатылған.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында «Darhan Dala» жобасын іске қосты. Жоба мақсаты – Түркістан қаласына, басқа да тарихи, киелі орындарға тур ұйымдастыру. Аталған жобаны ҚМДБ жанындағы «Darhan Dala Travel» туристік фирмасы жүзеге асырады. «Darhan Dala Travel» бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, шетелдегі және еліміздегі киелі орындарға зиярат, денсаулық, экотуризм бағыты бойынша тур ұйымдастырады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру