Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ ЕЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТТІҢ ҚАЗЫҒЫН ҚАҚТЫ (ФОТО)

Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі muslim.kz 17.06.2021 4041 0 пікір
БАС МҮФТИ ЕЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТТІҢ ҚАЗЫҒЫН ҚАҚТЫ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордасы Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа мешіттің қазығын қағу рәсіміне қатысты.

Бас қаланың Байқоңыр ауданында бой көтеретін құлшылық ордасының құжаттары түгелдей әзірленіп, мешіт салуға 5,3 гектар жер телімі бөлінген. Сыйымдылығы 2 000 адамдық құлшылық ордасы жоспар бойынша 2022 жылдың соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құрылыс алаңы басында мешіт жобасымен танысты. Жиылған жамағатпен бірге арнайы дұға жасап, құрбандық шалғаннан кейін Бас мүфти мешіттің қазығын қағып, бұл жерде бой көтеретін Алла үйінің ел игілігі жолында жемісті қызмет етуін тіледі.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру