Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

АҚПАН АЙЫНДА 9725 ДІНИ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІЛДІ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 04.03.2021 3552 0 пікір
АҚПАН АЙЫНДА 9725 ДІНИ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІЛДІ

Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары, қала және облыстардағы пәтуаға жауапты қызметкерлер, сондай-ақ республикалық сall-орталығы ақпан айында халықтан түскен жалпы 9725 діни сұраққа жауап берді.

Атап айтқанда, жеке кездесу арқылы 1775 сұраққа, қоңырау шалу арқылы 1934 сұраққа, әлеуметтік желілер арқылы 6016 сұраққа жауап берілді.

Шариғат және пәтуа бөлімінде отбасы құқығына қатысты 46 мәселе қаралып, оның 39-ына тиісті шешім шығарылды. Сондай-ақ 12 кітапқа діни сараптама жүргізіліп, бәріне оң қорытынды берілді. 

23-24 ақпан күні Атырау қаласында өткен Ғұламалар кеңесінің ХХІХ мәжілісінде «Екпе егу (вакциналау) үкімі», «Баланы қамқорлыққа алу үкімі» және «Төлем карталарын пайдалану үкімі» атты пәтуалар қабылданды.

Сонымен қатар мүфтияттың сайтында «Сақтандыру шариғатқа сай ма?», «Рамазан айын хабарлаушы жайлы хадис бар ма?», «Онлайн неке қию дұрыс па?», «Жұма күнімен құттықтау бидғат па?» секілді өзекті мәселелер жарияланды.

Еске сала кетейік, кез келген діни мәселені ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа ісіне жауапты мамандарынан, сондай-ақ діни ақпарат орталығының (call-center) 8 (7172) 33-30-30 телефон нөміріне қоңырау шалу немесе fatua.kz@bk.ru поштасына хат жолдау арқылы сұрап біле аласыздар.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру