Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

МҮФТИЯТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 11.12.2020 5461 0 пікір
МҮФТИЯТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «әл-Фараби» залында өткен 2020 жылдың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған бірқатар Орталық аппарат қызметкерлері «ҚМДБ 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарма қызметкерлерінің пандемия жағдайына қарамастан тындырымды жұмыс істеп, уағыз-насихат пен ағартушылық, қайырымдылық бағытында жемісті еңбек еткенін ерекше атап өтті.

Мерекелік медаль ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, Бас мүфтидің кеңесшілері Мұхаммед Хусейн қажы Алсабеков, Балтабай Мекежанов пен Бижігіт Нұржігітұлы, Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, сондай-ақ Діни басқарманың бөлім меңгерушілеріне табысталды.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру