Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 27.10.2020 3899 0 пікір
БАС МҮФТИ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына сапары барысында қала имамдарымен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылады.

Басқосуға ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай мен Орталық мешіттің дін қызметкерлері және аудандардың бас имамдары қатысты.

Бірінші кезекте Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай қаладағы діни ахуал туралы баяндап, пандемия кезіндегі дін қызметкерлерінің атқарған жұмысы мен қайырымдылық шаралары, сондай-ақ, Діни басқарманың 30 жылдығына орай жоспарланған іс-шаралардың қалай жүзеге асып жатқандығы жөнінде есеп берді.

Ал Бас мүфти имамдарға дін қызметкерінің қазіргі таңдағы имиджіне баса мән беру керектігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар имамдарды жамағатпен әрдайым жақсы қарым-қатынаста болуға үндеп, мешіттердегі уағыз-насихат және жат ағым ерушілеріне түсіндіру жұмыстарын жандандыруға нақты тапсырмалар берді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру