Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚАРИЛАР БАЙҚАУЫНДА ПАНДЕМИЯДАН КӨЗ ЖҰМҒАНДАРҒА АРНАЙЫ ДҰҒА БАҒЫШТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 22.10.2020 3696 0 пікір
ҚАРИЛАР БАЙҚАУЫНДА ПАНДЕМИЯДАН КӨЗ ЖҰМҒАНДАРҒА АРНАЙЫ ДҰҒА БАҒЫШТАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай өткен қарилар байқауында Құран Хатым оқылып, дұға жасалды.

Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан өткен ІХ республикалық байқаудың марапаттау рәсімінен бұрын 72 қатысушы Құран хатым оқыса, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы пандемиядан қайтыс болған отандастарымыз бен ел амандығы үшін арнайы дұға жасады.

«Уа, Жаратушы Жаббар иеміз! Осы оқылған Құран хатымның сауабын «лә иләһә иллаллаһ мухаммаддур расулаллаһ» деп өткен барша мұсылманның рухына және биыл індеттен қайтыс болған жерлестеріміздің рухына бағыштаймыз. Алла Тағалам, марқұмдардың рухын шат, жатқан жерін жәннат ете гөр! Артында қалған жақындарына көркем сабыр, өмірлеріне береке бергейсің! Елімізге, жерімізге құт-береке, ырыс-несібені бір өзің нәсіп ете гөр! Жаратқан Алла! Елімізді аман ет, жерімізді қауіп-қатерден, табиғи апаттардан сақта! Басымызға амандық, денімізге саулық бер, әмин!» деп дұға тіледі Бас мүфти.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру