Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ ҚҰРАН КӨРМЕСІН ТАМАШАЛАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 21.10.2020 3499 0 пікір
БАС МҮФТИ ҚҰРАН КӨРМЕСІН ТАМАШАЛАДЫ (ФОТО)

Діни басқарманың 30 жылдық мерейтойына орай елордада өтіп жатқан Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ІХ республикалық байқау аясында «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Ұлы дала Құрандары» атты Құран көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмені алғашқы болып ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы тамашалады. «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев Бас мүфтиге қариларға арналған көрмеге қойылған Құран кітаптарымен таныстырып өтті.

Көрмеге әр жылдары басылып шыққан Құран Кәрімнің қазақша аудармалары, тәпсір кітаптары, 1910 жылы жарық көрген араб тіліндегі Құран кітабы, тәжуид қолжазбалары қойылған.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру