Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

АҚТАУДА ЖАҢА МЕШІТТІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 10.10.2020 5250 0 пікір
АҚТАУДА ЖАҢА МЕШІТТІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына сапары кезінде Ақтау қалалық мешітінің алғашқы кірпішін қалау салтанатына қатысты.

Игі шараға арнайы келген Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов пен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы естелік жазылған капсуланы қалады. Облыс орталығының 39-шағынауданынан бой көтеретін жаңа мешіт өңірден шыққан танымал дін қайраткері, ағартушы-ұстаз Ержан Төлегенұлының атымен аталмақ.

Айта кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай қазақтың жерінің тұтастығы, дінінің кең таралуы, елінің жарқын келешегі үшін тер төгіп, жан берген 30 қайраткердің есімін мешіттерге беру бастамасы қолға алынған болатын.

Осы мақсатта таяуда Алаш идеясының алтын бесігі, асыл өзегі Семейдегі бір мешітке Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның есімі берілсе, енді міне маңғаз дала Маңғыстаудың орталығында Ержан Төлегенұлы атындағы мешіт бой көтермек.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру