Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ТҮРКИЯ ДІНИ ІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 02.08.2020 3345 0 пікір
ТҮРКИЯ ДІНИ ІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

Түркия Діни істер басқармасының төрағасы, профессор, доктор Али Эрбаш ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, хат жолдады.

Али Эрбаш құттықтау хатын Фатих Сұлтан Мехмет ханның мұрасы, азаттықтың символы, Стамбұлдың ұлы құлшылық мекені болып табылатын Айя-София музейінің Түркияның Мемлекеттік кеңесінің шешімімен және Президент әкімшілігінің заңнамалық өзгерістер енгізуімен қайтадан мешітке айналғанын хабарлап, осынау ерекше оқиғадан алған сезімі жайлы баяндады.

«Құрбан айт мерекесімен құттықтай отырып, Айт мерекесінің Ислам әлемімен бірге барша адамзатқа сүйіспеншілік, бейбітшілік, тыныштық пен бақыт сыйлауын Жаратушы Жаббар иемізден тілеймін. Осындай ой-сезімдермен, Жоғары мәртебелі өзіңізбен бірге алдағы ең жақын күндерде Айя-Софияда сап түзейміз деп үміттенемін, шынайы ықыласым мен жалынды сәлемімді жолдаймын» делінген құттықтау хатта.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру