Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

17 April 2024

8 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«ҚҰРБАН АЙТ – ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ» АТТЫ ОНЛАЙН ШАРА ӨТТІ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 31.07.2020 3153 0 пікір
«ҚҰРБАН АЙТ – ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ» АТТЫ ОНЛАЙН ШАРА ӨТТІ

Бүгін, Құрбан айттың алғашқы күні ҚМДБ өзінің youtube және инстаграм парақшалары арқылы «Құрбан айт – ұлық мереке» атты насихаттық бағыттағы онлайн шара ұйымдастырды.

Нұр-Сұлтан уақытымен 08:00 мен 09:00 аралығында өткен мерекелік бағдарлама ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Құрбан айт мерекесіне арналған ақжарма тілегімен ашылды.

Сондай-ақ қашықтан (онлайн) құрбан шалудың ерекшелігі (ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров), құрбан шалудың тарихы (ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков), құрбан шалудың шарттары (ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов) жайлы әдемі әңгіме өрбіді.

Бағдарлама барысында Әкім Тарази, Нұртөре Жүсіп, Дархан Қыдырәлі, Дихан Қамзабекұлы секілді ел ағалары Қазақстан мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру