Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ВИДЕО: ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНДЕ БІРҚАТАР ӨЗЕКТІ ПӘТУА ҚАБЫЛДАНДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 15.06.2020 4495 0 пікір
ВИДЕО: ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНДЕ БІРҚАТАР ӨЗЕКТІ ПӘТУА ҚАБЫЛДАНДЫ

Павлодар қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің кезекті ХХV көшпелі мәжілісінде бірқатар құжаттар мен пәтуалар қабылданды.

Атап айтқанда, «Жүлделі жарыстарға қатысты шариғат үкімі», «Мұсылман емес адамға кешірім сұрап, дұға ету үкімі», «Импорт арқылы әкелінген ет үкімі», «Әйелдің махрамсыз қажылыққа бару үкімі», «Мешіттің құбыласына қатысты үкім», «Спирт қосылған тағамдардың, тәттілердің үкімі», «Жылжымайтын мүліктен зекет беру үкімі» сынды пәтуалар қабылданды.

Сонымен қатар «Ас беру мәдениеті» мен «Зират пен зиярат мәдениеті» құжаттарының жобасы бекітілді.

Ғұламалар кеңесінің кезекті ХХV-інші көшпелі мәжілісінде қабылданған пәтуалардың толық мәтінін алдағы уақытта ресми сайтымызда жариялаймыз.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру