Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ АЯУЛЫ ҮКІЖАН АНАНЫҢ ҚАЗАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨҢІЛ АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 09.06.2020 5971 0 пікір
БАС МҮФТИ АЯУЛЫ ҮКІЖАН АНАНЫҢ ҚАЗАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨҢІЛ АЙТТЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ұлтымыздың аяулы анасы, әйгілі Садуақас қажы Ғылманидың перзенті Үкіжан (Мүмина) апаның қайтыс болуына байланысты марқұмның туыстарына көңіл айтты.

«97 жасында бақиға озған Үкіжан (Мүмина) апа туралы қайғылы хабар менің де жаныма батты. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан марқұмның туыстарына көңіл айтамын. Әйгілі ғұлама, қази Садуақас қажы Ғылманидың перзенті Үкіжан апаның әке мұрасына деген жанашырлығы, аманатқа адалдығы, жеке басының тақуалығы мен тұлғасы баршамызға үлгі болатын. Алла Тағала апамызды рақымына бөлеп, жәннатын нәсіп еткей. Әмин» делінген Бас мүфидің көңіл айту жеделхатында.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру