Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«Зекет» қоры елордада 2 мыңға жуық ауызашар қоржынын таратты

ҚМДБ «Зекет» қорының баспасөз қызметі muftyat.kz 27.05.2020 2838 0 пікір
«Зекет» қоры елордада 2 мыңға жуық ауызашар қоржынын таратты

Сауаптар еселеніп жазылатын қасиетті Рамазан айында ҚМДБ «Зекет» қоры Нұр-Сұлтан қаласында 1826 ауызашар қоржынын таратты.

Әлемді дүрбелеңге салған індеттің кесірінен ораза айында жамағаттың мешіттегі жарқын жүздесулері болған жоқ. Бірақ, төтенше жағдай да ізгілік пен сауапты істерге кедергі бола алмайды.

«Зекет» қоры «Нығметке толы 30 күн» атты жобасы бойынша және «500 теңгеге ауызашар» акциясы аясында Рамазан айының әр күнінде 50-80 данадан ауызашар қоржындарын мұқтаж отбасыларға үлестірген болатын. Ол қоржында құрма, су, нан, ыстық тамақ, салат, жемістер мен ыстық бауырсақ та бар.

«Жүрек жылуы» акциясы бойынша Рамазан айында 500-ден астам азық-түлік қораптары мұқтаж жандардың үйіне жеткізілді.

Одан бөлек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған «Талаба» қауымдастығының Мысыр және Түркия елдеріндегі орта арнаулы, жоғары діни оқу орындарында оқитын 470 мүшелеріне ауызашар берілді.

«Сонымен қатар, Ораза айт мейрамында 80 мұқтаж отбасыларға зекет үлестіріліп, айттық қорапшалары таратылды. Аталған жобаларға ат салысқан, көмек қолын созған әрбір жанға алғысымызды білдіреміз. Алла сауаптан жазсын!» дейді «Зекет» қорының өкілдері.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру