Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

ҚМДБ ӘЛЕМДІК БАСТАМАҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 14.05.2020 2963 0 пікір

Адамзат бауырластықтың жоғары комитеті (БАӘ) бүгін, 14 мамыр күні әлем бойынша барлық діни көшбасшылар мен қайраткерлерді жалпы адамзатқа қауіп төндірген короновирус дертінен айығу үшін ортақ дұға жасауға шақырып, бастамаға қазақстандық дін жетекшілерінің де қолдау білдіруін сұраған болатын.

Бастамаға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Діни басқарма басшылары мен қызметкерлері үн қосып, бір мезгілде ортақ дұға жасады.

Айта кетейік, Адамзат бауырластықтың жоғары комитетінің аталған бастамасына БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш, Палестина президенті Махмуд Аббас, Ливияның экс-премьері Саад әл-Хурейри, Шешенстан президенті Рамзан Қадыров, сондай-ақ Әл-Азһар шейхі Ахмет Тайеб, Мұсылман Ақсақалдар кеңесінің бас хатшысы Сұлтан ар-Румейси, Өркениеттер альянсының өкілі Мигель Анхел Моратинос секілді әлемге белгілі тұлғалар мен дін қайраткерлері қолдау білдірді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру