Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

23 April 2024

14 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ МАҚТААРАЛДЫҚ АҒАЙЫНҒА КӨМЕК КӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТУДЫ ТАПСЫРДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 05.05.2020 4259 0 пікір
БАС МҮФТИ МАҚТААРАЛДЫҚ АҒАЙЫНҒА КӨМЕК КӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТУДЫ ТАПСЫРДЫ (ФОТО)

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен арнайы жиналыс өтті. Жиналысқа наиб мүфти Ершат қажы Оңғаров, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев және бөлім меңгерушілері қатысты.

Мәжілісте қасиетті Рамазан айында атқарылып жатқан қайырымдылық шаралардың жоспарға сай жүзеге асуы пысықталды. Сонымен қатар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы су апатынан зардап шеккен Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ағайындарға көрсетіліп жатқан көмек көлемін ұлғайтуды тапсырды.

«Халқымыздың салтында жылу жинау, асар жасау сынды игі дәстүр бар. Осы дәстүрді жаңғыртып, Мақтаарал ауданындағы жерлестерімізге көбірек көмек көрсетуіміз керек. Қайырымдылық шарасына өзге аймақтағы имамдармен қоса «Зекет» қорының өкілдері де атсалыссын» деді Бас мүфти.

Жиналыс соңында Наурызбай қажы Тағанұлы «Зекет» қорының директоры Талғат Омаровқа, сонымен қатар бөлім меңгерушілеріне нақты тапсырмалар берді.

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру