Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«30 КҮНГЕ 30 СҰХБАТ» ОНЛАЙН СҰХБАТЫ ӨТЕДІ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 25.04.2020 4075 0 пікір
«30 КҮНГЕ 30 СҰХБАТ» ОНЛАЙН СҰХБАТЫ ӨТЕДІ

ҚМДБ-ға қарасты «Хикмет ТВ» студиясы Рамазан айының әр күнінде елімізге белгілі имамдар мен ұстаздардың қатысуымен «30 күнге 30 сұхбат» атты онлайн сұхбаттар жүргізуді қолға алды.

Алғашқы онлайн сұхбат кеше Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 20:00-де ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлының қатысуымен өтті. Наиб мүфти «Ұлық айды қалай қарсы аламыз?» тақырыбында әсерлі әңгіме өрбітті.

Бүгін онлайн сұхбатты «Оразаға ниет» тақырыбы бойынша ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков жалғайды. Осылайша отыз күн бойы онлайн сұхбат жалғасады.

Сұхбатты күн сайын Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 20:00-де «Хикмет ТВ» студиясының youtube-тағы каналынан тікелей эфирде көруге болады.

Айта кетейік, «30 күнге 30 сұхбат» атты онлайн дәрістер жобасы ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынды. Бас мүфти Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында «30 күнге 30 сұхбат» атты онлайн дәрістер жобасы жүргізілетінін хабарлаған болатын.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру