Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ОНЛАЙН СҰРАҚ-ЖАУАП КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 17.04.2020 5799 4 пікір
ОНЛАЙН СҰРАҚ-ЖАУАП КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ (ФОТО)

Бүгін Діни басқарма ғимаратында онлайн сұрақ-жауап конференциясы өтті. Сұрақ-жауап форматында өткен онлайн кездесу Діни басқарманың ресми каналдары мен әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфирден көрсетілді.

Онлайн кездесуде көрермендер тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Оларға ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл, осы бөлімнің маманы Медет Құрсақов және елордадағы «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Дәурен Мүслімов жауап берді.

Сұрақтардың басым бөлігі Рамазан айына дайындық, тарауық намазының оқылуы, підияны беру тәртібі, пітір садақаны онлайн беру, зекет мөлшері, ауызашар өткізу сынды тақырыпты қамтыды. Тікелей эфир кезінде мамандар 60-тан аса сауалға жауап берді.

ҚМДБ «Хикмет» студиясының youtube каналы мен мүфтияттың инстаграм желісіндегі парақшаларын бір мезетте 300-ге жуық қолданушы көріп отырды. Осы аралықта 200-ге тарта сұрақ жолданды. Жалпы онлайн эфирді 19 392 көрермен тамашалады.

Айта кетейік, тікелей эфирде қамтылмай қалған сауалдарға Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары алдағы уақытта жауап бермек. Сондай-ақ Діни басқарма жанындағы Call-орталыққа хабарласып, жауап алуға болады.

Pіkіrler (4)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Erali | 17.04.2020 09:08

Аллах разы болсын. Хасан ұстаз өте қарапайым түсіндіреді. Аллаһ барша дің үшін жасап жатқан еңбектеріне берекет берекет беріп, амал дәптерлеріне сауап жазғай. Әмин. Ералы Даниярұлы.

Erali | 17.04.2020 09:10

Аллах разы болсын. Хасан ұстаз өте қарапайым түсіндіреді. Аллаһ барша дің үшін жасап жатқан еңбектеріне берекет берекет беріп, амал дәптерлеріне сауап жазғай. Әмин. Ералы Даниярұлы.

Гулайым Бисенбаева | 17.04.2020 09:15

Осы видионы телеграмм каналға жүктесеңіздер екен.Форматы үлкен.Жүктей алмай жатырмыз

Гулайым Бисенбаева | 17.04.2020 10:32

Әссәләму ғәлейкум.

Пітір садақасы

Фидия туралы бөлек бөлек пост жазсаңыздар өтініш.Тікелей эфирде айтылған басқа,мақала басқа .Алла разы болсын