Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«БЕРЕКЕЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ УАҚЫТЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 17.04.2020 4748 0 пікір
«БЕРЕКЕЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ УАҚЫТЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

«Берекелі отбасы» атты байқауының шартында «байқауға қатысуға ниетті әр отбасы ҚМДБ-ның muftyat.kz ресми сайтындағы байқау ережесімен танысып, осы жылдың 17 сәуіріне дейін berekeli-otbasy@mail.ru поштасына жазбаша өтінім жолдауы қажет» деп көрсеткен едік. Оқырмандар талабына орай байқауға қатысу уақыты 25 сәуірге дейін ұзартылды. Сондықтан үлгермей қалған байқауға қатысушы отбасылар болса, әлі де мүмкіндік барын еске салғымыз келеді.

Бірінші орын алған отбасыға (4 адамға) – отандық шипажайға жолдама, екінші орын алған отбасыға – тоңазытқыш, үшінші орын алған отбасыға – үлкен плазмалық теледидар, сондай-ақ 5 отбасыға ынталандыру сыйлығы беріледі. Қосымша мәліметтер алу үшін +7 (7172) 999-866 телефонына хабарласуға немесе berekeli-otbasy@mail.ru поштасына хабарлама қалдыруға болады.

Байқаудың толық ережесімен осы жерден таныса аласыздар. Байқауда бақ сынаңыз! Сәттілік тілейміз!

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру