Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ КЕЗЕКТІ ЖҰМА НАСИХАТЫН ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ АЙТТЫ (ВИДЕО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 03.04.2020 4128 0 пікір
БАС МҮФТИ КЕЗЕКТІ ЖҰМА НАСИХАТЫН ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ АЙТТЫ (ВИДЕО)

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы әр жұма сайын HIKMET TV арнасының Youtube желісіндегі каналынан жұма насихатын айтып келеді. Бүгінгі жұма насихатында Бас мүфти «Мұсылманның ісі – Аллаға тәуекел ету» тақырыбында әсерлі әңгіме өрбітті.

Тәуекел деген не? Оны қалай түсінеміз? Тәуекелдің түрлері қандай? Бас мүфти уағызында осы сұрақтар төңірегінде тұщымды насихат айтты.

«Адам баласы жасап жатқан ісінің нәтижесі қандай боларын білмейді. Сол себепті пенде әрбір ісін құдыреті күшті Алла Тағалаға тапсырып, тәуекел етеді. Тәуекел Аллаға деген кәміл иманмен байланысты. Иманы кәміл болмаған жан шынайы тәуекел жасай алмайды» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сөз соңында Бас мүфти ел мұсылмандарын истиғфар мен салауат айтуға шақырып, Алла Тағаладан еліміздің есендігі, жұртымыздың амандығын сұрап, дұға етті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру