Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ ҮНДЕУІНЕ ҮН ҚОСЫП, ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 03.04.2020 3425 0 пікір
БАС МҮФТИ ҮНДЕУІНЕ ҮН ҚОСЫП, ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Бүгін, қасиетті жұма күні әдебиет, тарих, өнер, дін, журналистика, т.б. саладағы белгілі тұлғалар мен еліміздегі жалпы жамағат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Үндеуін қолдап, үн қосты.

Бас мүфти бастамасын қолдаған тұлғалар әлеуметтік желіде халықты игі іске үн қосуға шақырып, ізгі тілегін жолдады. Қоғамды истиғфар мен салауат айтуға шақырған ақындар мен журналистер өсиетті өлең жырларын жариялады.

Айта кетсек, кеше Бас мүфти еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барша мұсылман қауымын Аллаға дұға етіп, ең кемінде 100 истиғфар және ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтуға шақырып, арнайы Үндеу жолдады.

«Барша жамағатты осы үндеуді қолдап, еліміздің амандығын сұрап, жұқпалы дерттен тезірек айығу үшін 3 сәуір жұма күні, бесін намазынан кейін «100 истиғфар және 100 салауат» немесе одан да көбірек айтып, дұға жасауға шақырамыз. Жаратқан Алла халқымызға амандық берсін, науқас жандардың тезірек айығып кетуін және мешіттерімізге қайта қауышуды нәсіп етсін. Әмин!» делінген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ел мұсылмандарына жолдаған Үндеуінде. 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру