Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚАЖЫЛЫҚ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУ ТЕТІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 13.12.2019 2831 0 пікір
ҚАЖЫЛЫҚ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУ ТЕТІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ (ФОТО)

Елордада наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлының төрағалығымен өткен мәжілісте қажылық бағасын төмендету тетіктері талқыланды.

Мәжіліске ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Дін істері комитетінің басқарма басшысы Досымжан Нұрбаев, Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов, ҚМДБ Қажылық бөлімінің басшысы Жәнділла Бекжігітов және қажылық фирмалардың жетекшілері қатысты.

Өз кезегінде сөз алған Дін істері комитетінің басқарма басшысы Досымжан Нұрбаев қажылық бағасын төмендету тетіктерін талқылауды ұсынды. Фирма жетекшілері осы мәселеге байланысты ойын ортаға салды.

«Қажылық бағасының қымбаттауына ықпал етіп отырған негізгі факторлар – транспорт, тамақ, әуетасымалдау, т.б. қызмет түрлері бағасының өсуі» деп атап өтті турфирма жетекшілері.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру