Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Туған жер: Баянауылда тау-шаңғы курорты ашылады (ФОТО)

Ақмаржан ӘДІЛБЕК baq.kz 11.10.2017 5579 0 пікір
Туған жер: Баянауылда тау-шаңғы курорты ашылады (ФОТО)
Павлодар облысы тұрғындарының өз «Куршевелі» пайда болады. Жыл соңына дейін «Баянауыл» туристік кешенін дамытуға бағытталған жоба шеңберінде «Туған жер» бағдарламасы бойынша заманауи тау-шаңғы кешені бой көтереді, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің өңірдегі тілшісі.
Павлодарлық «Куршевель» Баянауыл ұлттық паркінің аумағындағы 850 метрлік биіктікте Мырзашоқы тауында салынады. Қысқы курорт аудан орталығынан екі шақырымдық жерде орналасқан.

Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мамандарының хабаралуынша, бүгінгі күні туристік кешен орын тепкен маңдағы Қаражар ауылына Түркиядан құрал-жабдықтар әкелінген. Демеушілердің көмегімен 300 миллион теңге бөлінген. Жаңа арқанды жолдың ұзындығы бір шақырымнан аспақ. Екі орындық 70 кабинаның игілігін туристер көрмек. Мамандардың болжамынша, арқанды жол арқылы бір сағаттың ішінде 550 адам тасымалданады.

Жауапты сала мамандарының хабарлауынша, алдағы уақытта Мырзашоқы шыңында тау-шаңғы жолдары салынады. Тас жолдардың жалпы ұзындығы 20 шақырымға жетпек.

«Биыл екі трасса салынады. Тау-шаңғы курорты 100 гектар жерде орналасады. Қажетті инфрақұрылыммен толық қамтылады. Мәселен, балаларға арналған шана трассалары ашылады. Айта кету керек, арқанды жолға арналған жаңа құрал-жабдықтар демеушілердің қаражатына сатып алынды. Қомақты қаржыны ЕRG еуразиялық топтың кәсіпорындары бөлді», - дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Марат Айдашев.

Алдағы уақытта Мырзашоқыға тау-шаңғы бөктерін қысқыға әзірлейтін арнайы техника әкелінбек. Ал негізгі арқанды жол қар түскенде іске қосу жоспарланған.

Айта кетейік, Баянауыл өлкесі ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің облыстағы төлқұжатына айналды. Биылғы жылы туристік орталыққа 160 мыңға жуық мейман келіп, тыныққан. Ал салыстырмалы кезеңде 150 мың турист келіпті.

«Қазіргі уақытта Баянауылда жеке инвестордың қаржысына 200 орындық, үш жұлдызды қонақүйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, өңірде үш көлдің әлеуетін арттыру жоспарлануда. Торайғыр мен Жасыбай көлдерінің арасын байланыстыратын жолдың тозығы жеткенін білеміз. Сондықтан, биыл 94 шақырым жол жөнделді», - дейді Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Әзілхан Әбеуов.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру