Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Мейірімді торғай

23.10.2014 7411 0 пікір

Тас қаланың тас жүрек қоғамы жан-жануарлардың, құстардың сана-сезімі бар дегенге сене қояр ма екен? Мына торғай жол үстінде жатқан қосағын құтқару үшін басын бәйгеге тігіп әрекет етуі қандай ғибратты көрініс? Өзі аш бола тұра жарақат алып, жол үстінде жатқан екінші жартысына тамақ әкеп беруде. Шыр айналып, «саған не болды» дегендей жанынан кетпейді. Айналамызға қарасақ күллі жаратылыс бір-бірін мейірімділікпен толықтырып тұр. Осы бір мақұлық өзінің әрекетімен Шексіз Мейірім Иесін паш етуде. Тұтас әлем мейірімділік заңына бағынып Рақым Иесі Алла Тағалаға мадақ айтуда.

Ғибратты көріністі ой елегінен өткізгенде, күллі әлемді тұтас баурап алатын шексіз рақымдылықты жан дүниемізбен сезінбеу мүмкін емес. Осы бір кішкентай торғай құрлы бола алмаған біздің жағдайымыз қандай өкінішті!

1) Оның екінші жұбын қала көшелерінде көлік қығып кеткен еді. Ол енді өзі жалғыз не істейді екен?

2) Міне ол оған тамақ әкеліп беруде. Қамқорлық жасауда.

3) Ол бір емес бірнеше мәрте тамақ әкеліп берді. Көмектескісі келді. Қиын-қыстау кезде жанынан табылды. Бірақ...

4) Жұбайы енді қайтып келмейді. Оның бар дауысымен жанұшыра шырылдаған дауысы естілді.

5) «Адамдарға мейірімділік танытпағандарға Алла мейірімділік жасамайды» (Хадис).

6) Бұл суретті фотограф  Францияның ең танымал гезетіне қымбат бағаға сатқан болатын. Ғибратты сурет басылым бетіне шығысымен газеттің бір данасы қалмай сатылып кетті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру