Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қайырымдылық - ізгіліктің көрінісі (ФОТОРЕПОРТАЖ)

20.11.2013 5032 0 пікір

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен және Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлының қолдауымен ҚМДБ-ның Қызылорда облысының өкілі Талғат Сейіткәрімұлы  бірнеше имамдардан құралған қайырымдылық іс-шарасымен айналысатын топ мүшелері Қызылорда қаласынан 400 километр жерде орналасқан  1867 жылы қала мәртебесін алған Қазалы ауданындағы үйлері өртке оранған бауырларымыздың жағдайларын біліп келді.

Осы өрттен жапа шеккен 17 жанұяға азық-түлік, киімдер үйлестіріліп,  Өкіл имам бауырларымызды сынаққа мойымай, сабырлық танытуға шақырды.

Өз ризашылығын білдірген 51 жастағы Тоғымбаева Мария апамыз: « Осылай бізді елеп, шалғайдан жағдайымызды білуге келгендеріңізге көп рахмет. Алла разы болсын. Жақсылықтарыңыз Алладан қайтсын.»,- деп ізгі тілектерін жеткізді.

Сапар барысында Өкіл имам және  қайырымдылық іс-шарасымен айналысатын топ мүшелері Қазалы ауданындағы тарихы терең бірнеше мешіттермен, жаңадан  бой көтеріп келе жатқан көк күмбезді Алла үйіне ат басын бұрып, мешіттің  ішкі және жөндеу жұмыстарымен танысты.

 

Ескендір Әсел,
ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы
өкілдігінің баспасөз хатшысы

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру