Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ШҚО: Тарбағатайда киелі жерлер ұлықталды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 31.05.2023 1622 0 пікір
ШҚО: Тарбағатайда киелі жерлер ұлықталды

ҚМДБ бастамасымен жарияланған «Ислам және ізгі қоғам» жылының аясында ШҚО өкілдігі «Тарихи таным» акциясын жариялады.

Акция аясында бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Соның бірі Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық «Байжігіт баба» мешітінің ұйымдастыруымен ауыл имамдары тарлан Тарбағатай өңіріндегі киелі жерлерге зиярат етті. Атап айтқанда Тарбағатай ауданы «Байжігіт баба» мешітіне қарасты қызметкерлер Жаңалық ауылындағы Уаңбай қажы Түктіұлының бастауымен бір кезде салынған мешіттің орнында болды. Марқұмдарға Құран бағыштап, тарихшы ұстаз Қуат Қабдолда Уаңбай қажы туралы тарихи деректерді әңгімелеп берді. Бұл мешітте Тарбағатай өңіріне әйгілі Қали кәлпе, Нағымжан молда Құдайбергенұлы, Қабылқадыр Қалиұлы қатарлы діндарлдар қызмет еткендігіне тоқталды.

Сапар аясында олар сонымен қатар Маңырақ ауылы маңындағы Мүлік қажы Жабағыұлы салдырған мешітке зиярат етіп, намаз оқыды. Тілен би
Қыстаубайұлы, Қайырбай би Шадайұлы, Қали кәлпе Құдайбергенұлы қатарлы дін иелеріне Құран бағыштап, зиярат етті.

Бұл шара туралы Тарбағатай аудандық «Байжігіт баба» мешітінің бас имамы Аманкелді Жарасов: «Тарбағатай тарихқа бай киелі өлке. Жеріміздің тау мен тасы, әр өзеннің сағасы өзіндік тарихи мән-маңызға ие. Осында жатқан Уаңбай қажы Түкті, Нағымжан молда Құдайбергенұлы, Қабылқадыр Қалиұлы қатарлы тұлғалардың ұлт тарихында өз орны бар. Олар асыл дінімізді қиын қыстау кездерде насихаттап, исламның алтын арқауын үзбеген діндарлар» деп атап өтті. Бас имам сонымен қатар ұлыларды ұлықтаудың маңызына тоқталып, бұл болашақ ұрпақ үшін зор тарихи таным болатындығын айтып өтті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру