Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: Қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен кездесу өтті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 31.05.2023 1323 0 пікір
Ақтөбе: Қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен кездесу өтті

31 мамыр – ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігі өңірдегі тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп «Зұлмат заманның зобалаңы» тақырыбында қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен кездесу іс-шарасын өткізді.

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Руханият» көрме залында өткен шараға бас имам Серікжан Еншібайұлы, ҚМДБ ақсақалдар кеңесінің мүшелері, музей қызметкерлері, студенттері қатысты.

Жиын қуғын-сүргінге ұшыраған марқұмдардың рухтарына Құран бағыштауымен басталды. Қонақтар ұлт және дін қайраткерлерінің тарихы, өмірі және солар туралы деректер жазылған «Ұлтын ұлық тұтқан арыстар» атты бірнеше әдебиеттер көрмесінің ашылу салтанатын өткізіп, лентасын қиды. Кітаптар С.Бәйішев атындағы кітапхана қорына тапсырылды.

Музей қызметкерлері қонақтарға экскурсия жасатып, тарих пен құнды жәдігерлер, экспонаттармен таныстырды. Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Қыдырғали Мұхитұлы шараның мақсатын түсіндіріп, қонақтарға сөз тізгінін жолдады. Ата-бабасы сорақы саясаттың құрбаны болған С.Бәйішев университетінің президенті, ҚМДБ ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекежан Аханұлы бабадан қалған естеліктерді қысқаша баяндады.

Облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы қыршын кеткен құрбандар мен алаш қайраткерлерінің мақсатын ұлт, тіл және дін болғанын жеткізіп, діни қайраткерлердің көптеп шаһид болғанын айтты. Жалпы елі мен жері үшін жасап кеткен еңбектерінің салмағы өлшеусіз екенін тілге тиек етті.

Өңірдегі мешіт-медреселер, кесенелер және құнды тарихи жәдігерлерді зерттеп, экскурсия жасап бірнеше жылдардан бері қажырлы еңбек етіп жүрген музейдің «Руханият» танымдық клубының қоғамдық негіздегі төрағасы, өлкетанушы Абдуллина Жібек Османғалиқызы сөз сөйлеп, өзінің зерттеу жұмыстары аясындағы қуғын-сүргін құрбандары жайлы еңбектерін баяндады.

Жиында қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары сөз алып, өз ата-баба тарихынан сыр шертті. Еңбектері мен өмір жолдарымен таныстырды. Ұйымдастырушалырға алғысын айтып, дән ризалықтарын жеткізді. Тарихи құндылықтарды зерттеу жолында еңбек етіп, соған атсалысқан кісілерге алғыс хаттар табысталып, сыйлықтар тарту етілді. Артынша қасық қаны тамғанша жеріміз үшін жандарын пида етіп, ұлтым деп қыршын кеткендерді еске алу дастарханында қонақтар және ақсақалдар бас қосты. Тілектер айтылып, қариялар баталарын берді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру