Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БҚО: Бас имам – Жаңақала ауданында

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 20.05.2023 1529 0 пікір
БҚО: Бас имам – Жаңақала ауданында

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен тапсырмаларды аудандарда талқылау, алыс аймақтарда жамағатқа насихаттау және мешіт жамағатының хал-жағдайымен танысу мақсатында Батыс Қазақстан облысының бас  имамы Самат Әлібаев Жаңақала ауданына арнайы іссапармен барды.

Алдымен бас имамды аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев арнайы қабылдап,  ауданның діни ахуалымен, халықтың тыныс тіршілігі, жалпы ауданда жағдайымен таныстырды.

Сапар барысында ауданның бас имамы Жомарт  Лұқпанов аудан көлеміндегі атқарылған істерін баяндап, мешіттің ұйымдастыруымен отбасы төмен жандарға азық-түлікпен қайырымдылық шарасына бас имам қатысты. Сондай-ақ Самат Қанатқалиұлы имам-молдалардың жұмысын көріп, тыныс-тіршілігімен танысты.

 Бас имам отбасы мерекесіне орай ауданның жас отбасылармен кездесіп, «Отбасының бірлігі» тақырыбында насихат айтты.  Көпшілікпен пікір алысып, сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында аудан көлеміндегі асыл дініміздің жанданып жатқандығын тілге тиек етті. Жиналған қауым бас  имамға келелі кездесуге  келгені үшін алғыстарын айтты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру