Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қостанай: Бас имам түзету мекемесіне барды

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 16.05.2023 1357 0 пікір
Қостанай: Бас имам түзету мекемесіне барды

Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы Жітіқара ауданына арнайы сапары кезінде «Қара бүркіт» атауымен белгілі №39 түзету мекемесінде болды.

Ол осы мекемедегі кітапхананың діни кітап қорын қарап, ҚМДБ-ның арнайы сараптамасынан өткен қосымша әдебиеттермен толықтырды. Қазіргі таңда мекеме кітапханасында 400-ден астам діни әдебиет қоры жинақталған.

Сонымен қатар мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлерімен кездесіп, «Дәстүрлі ислам құндылықтары» тақырыбында, ал жазасын өтеушілермен «Ізгі қоғам» тақырыбында әңгіме өрбітті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру