Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

18 April 2024

9 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Алматы облысы имамдарының білімін жетілдіруге арналған курс басталды

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 16.05.2023 1474 0 пікір
Алматы облысы имамдарының білімін жетілдіруге арналған курс басталды

Алматы облысы Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітінде жергілікті имамдардың білімін жетілдіруге арналған курс өз жұмысын бастады.

Өңіріміз бойынша діни оқу ағарту бағытына жауапты маман Сәкен Еншібайұлының ұйымдастыруымен өткен танымдық шараның шымылдығын Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы ашып, дін қызметкерлерінің зейіндерінің ашылып, білімдерінің артуына тілектестігін білдірді.

Осыдан кейін PhD доктор, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы Асқар Болатбекұлы «Жаңа ғасырдағы жат ағымдар мен ұйымдар» және «Иманның шарттары» тақырыптары аясында дәріс оқыды.

Келесі болып сөз алған PhD доктор, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы Мұхиддин Исаұлы «Ихсан және көркем мінез», «Сопылық жолдың қалыптасуы», «Яссауи және Нақышбандия тариқатының қалыптасу тарихы», «Мухкәм және мутәшәбиһ аяттар» және «Тәпсір түрлері: Меккелік және Мәдиналық сүрелер мен аяттар» тақырыптары бойынша дәріс оқып, ойларымен бөлісті.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру