Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Павлодар: Дін қызметкерлеріне арналған семинар өтті

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 11.05.2023 1367 0 пікір
Павлодар: Дін қызметкерлеріне арналған семинар өтті

ҚМДБ бекіткен оқу-ағарту бағыты бойынша Павлодар облысында дін қызметкерлеріне арналған 2 күндік семинар ұйымдастырылды.

Оған қала, аудан имамдары, мешіт ұстаздары мен медресе шәкірттері қатысты. Семинардың алғашқы күні Алматы қаласынан арнайы келген ғылым кандидаты, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Төрәлі Қыдыр ихсан бағыты мен сопылық мектептері Ясссауи, Нақшбанди мектептері туралы кеңінен баяндап, қазақстандағы сопылық мектептің қалыптасуы, дамуы, оның ұлт руханиятында алған орны туралы пайдалы дәрістер өткізді.

Ал екінші күні семинарда фиқһ, шариғат мәселелері бойынша дәрістер өткізілді. Дәрісті «Нұр-Мүбарак» университетінің аға оқытушысы, ғылым докторы Ерғали Алпысбаев жүргізіп, неке және талақ мәселесі туралы имамдарға кеңінен түсініктеме берді. Некенің шарттары, үкімдері, түрлері, ажырасу мәселері бұл семинарда кеңінен талқыланды.

Аса пайдалы болған дәрістер соңында дін қызметкерлері өздерін толғандырып жүрген көптеген сұрақтарды ортаға салып, ғалым-ұстаздардан толыққанды жауабын алды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру