Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Қостанай: Ауылда мешіт ашылды

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 04.05.2023 1995 0 пікір
Қостанай: Ауылда мешіт ашылды

Шәууәл айында, күндердің сұлтаны – жұма күні Қостанай облысының Қарасу ауданында сәулеті келіскен мешіт ел игілігіне пайдалануға берілді.

Атақты Бармақ батырдың ұрпақтары – Тұрсыновтар әулеті ұйытқы болып, Қуанышбек Жанәбілұлының бастамасымен Комсомол ауылында ашылған жаңа мешітке соғыс ардагері Жанәбіл Тұрсыновтың жұбайы, дүниеге он перзент әкелген алтын құрсақты ана Зәйтуна Әбділуақапқызының есімі берілді.

Салтанатты шараға арнайы шақырылған Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің бас имамы Шоқан Ғазизұлы қасиетті Құран аяттарын оқып, батасын берді. Содан кейін Қостанай облыстық мешітінің наиб имамы Бақытжан Икрамұлы жергілікті халықты құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Комсомол ауылының тумасы, ұзақ жыл ұстаздық еткен, діни дәріс алған Хали аға  молда болып тағайындалды.

Жиында осы мешіттің салынуына ұйытқы болған Тұрсыновтар әулетінің атынан Азамат Жанәбілұлы  үлкен қуанышқа ортақтасып, жанашырлық танытқан барша меймандарға, ел ақсақалдарына, ауыл тұрғындарына шынайы алғысын айтты.

Ұлтымыздың қалыптасқан салт-дәстүрі бойынша шашу шашылып, жамағат алғашқы жұма намазын оқып, асханада арнайы жайылған дастарқаннан дәм татты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру