Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Жамбыл облысында «Әдеп кеңесі» құрылды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 03.05.2023 1573 0 пікір
Жамбыл облысында «Әдеп кеңесі» құрылды

Жамбыл облысында имамдардың қызметтік міндеттерін кәсіби әрі жауапкершілікпен атқаруын және діни қызмет барысында әдеп ережелеріне сай қызмет етуін жүйелеу мақсатында «Әдеп» кеңесі құрылды.

Екі жыл бұрын бірінші болып Бас мүфти Науызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ жанынан «Әдеп» кеңесі құрылған болатын. Кеңес – асыл дініміздің абыройын қорғауын, өз қызметтік міндеттерін әділ әрі жауапкершілікпен атқаруын, кәсіби біліктілігін ұдайы арттырып отыруын, тағы басқа да діни қызметтегі әдеп пен этиканы сақтауын қамтамасыз етеді.

Діни рәсім мен діни қызметтің сапасын арттыру мақсатында Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев өңірдегі «Әдеп» кеңесінің құрамын жасақтап, олардың атқаратын қызметіне тоқталды.

Осы уақытқа дейін «Әдеп кеңесіне» жауапты болған «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Әбжаппар Әмір комиссия төрағасы, Байзақ ауданының бас имамы Қанат Жұмағұл, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек, Т.Рысқұлов ауданының бас имамы Сұлтаншәріп Джадыраев комиссия мүшесі болып сайланды.

Барлық аудан имамдары аталған тағайындауға бір ауыздан келісті. Айта кетейік, аталған кеңес мүшелері имамның киім үлгісі, дін қызметкерінің сөйлеу әдебі, дін қызметкерінің бақ беттеріне сұқбат беру әдебі, мәжіліске қатысу әдебі бойынша дін мамандарын қадағалап, арнайы семинарлар да өткізетін болады.  

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру