Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ШЫМКЕНТТЕ АЙМАҚТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ (ФОТО)

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 03.05.2023 1331 0 пікір
ШЫМКЕНТТЕ АЙМАҚТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ (ФОТО)

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі және шаһардың Дін істер басқармасының ұйымдастыруымен «ЖАСТАР ЖӘНЕ РУХАНИЯТ» тақырыбында аймақтық танымдық жастар форумы ұйымдастырылды. 

Шымкент қаласының мегаполис атанғанына 5 жыл толуына орай өткен форумда жастардың білім алуы, үлкендерді, ата-ананы құрметтеуі, отансүйгіштік, салт-дәстүрлерімізді сақтау, адал мен арам, обал мен сауап және әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану сынды өзекті мәселелер көтеріліп, түсіндірілді. Игі іс-шараны Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов ашып, жүргізіп отырды. 

Форумда наиб имам Мұсабек Ақтамберді, қалалық «Қаратау дәстүрлі өнер» мектебінің ұлағатты ұстазы, термеші Кенжебай ақын Шал, қалалық Дін істері басқармасы, ДМЗО КММ-ның маманы Рахымжан Абдулуахитұлы, Шымкент қалалық «Дін мен дәстүр» бағытының жетекшісі Самат Анарбаев және қалалық «Халал Даму» мекемесінің бас технолог маманы Аружан Аралбай, қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі Анарғали Керімбековтер баяндама жасады. Өте әсерлі өткен форум аясында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Сондай-ақ, басқосу барысында дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров форумның арнайы үндеуін оқып, таныстырды. Айта кетсек, қалалық «Жастар ісі» секторы ұйытқы болған форум Шымкент қалалық ішкі сасясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығы ғимаратында өтті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру