Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

МЕШІТТЕГІ ШАШТАРАЗ МҮГЕДЕКТІГІ БАР ЖАНДАРҒА ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ (ФОТО)

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 03.05.2023 1487 0 пікір
МЕШІТТЕГІ ШАШТАРАЗ  МҮГЕДЕКТІГІ БАР ЖАНДАРҒА ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ (ФОТО)

Елордасы Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде орналасқан шаштараз орталығы мүгедектігі бар жандарға тегін қызмет көрсету акциясын өткізіп келеді.  

«Ерекше» жандарға арналған мұндай қызмет айына бір рет, әр айдың 1-і күні көрсетіледі. Өз істерінің шебері атанған Нұржанат Данияр мен Айбек Жұмағул Алланың беріп жатқан нығметтеріне шүкіршілік айтуымыз керек дейді. «Қазақ «Кең болсаң, кем болмайсың» дейді емес пе, Алланың берген ризығын, нығметін қызғанбай, кең бола білсең, жасап жатқан жалпы жұмысың да берекелі болады» дейді шаштараз Нұржанат Данияр.

Айта кетейік, 6 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан шаштараз орталығы өздерінің қызметіне жүгінген келушілердің арасында жүлделер ұйымдастырып тұрады. Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын тұтынушылар арасынан кездейсоқ әдіспен таңдау арқылы бір адамды кіші қажылыққа жіберген болатын.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру