Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

16 April 2024

7 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Атырау: Жангелдин ауылында мешіт ашылды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 24.04.2023 1689 0 пікір
Атырау: Жангелдин ауылында мешіт ашылды

Атырау облысының Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында жаңа мешіт халық игілігіне берілді.

«Қазыбек би» атындағы мешіттің ашылу салтанатына ауыл ақсақалдары, жергілікті тұрғындармен бірге, Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы барып қатысты.

«Аллаға шүкір, облыста мешіттер көптеп салынуда. «Мешіт болған жерде жат ағым көбейіп кетеді» деген қоғамда қасаң түсінік бар. Керісінше, мешіттерде сол жат ағымның алдын алатын, рухани сауатты мамандар даярлауға тырысып жатырмыз. Мешіт діни рәсімдер ғана емес,  елдің, халықтың игілігі үшін қызмет жасайды. Жаңа құтханамыз жамағатымен көрікті бола берсін» деді бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Сыйымдылығы 300 адамға арналған мешітте ерлер, әйелдер залы, тахаратхана, асханасы бар. Жаңа мешітке имам болып жас маман Салауат Мұратұлы тағайындалды. Салауат Мұратұлы 2017-2020 жылдары Әбу-Ханифа медресе-колледжінде білім алған. 2020 жылдан бастап Қызылқоға аудандық «Байтерек» мешітінде наиб имам қызметін атқарды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру