Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«Оспанқожа ата» мешіті 150 отбасыға қайырымдылық жасады

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 21.04.2023 1156 0 пікір
«Оспанқожа ата» мешіті 150 отбасыға қайырымдылық жасады

Ораза айт мерекесінің қарсаңында «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы облысындағы өкілдігі және Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешіті дін қызметкерлерінің мұрындық болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Ізгі шараға «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы облысы бойынша өкілі Ринат Маратұлы, Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы бастаған жергілікті дін қызметкерлері қатысып, Бақанас ауылында тұратын 150 отбасыға азық-түлік себеттерін таратты. 

Ринат Маратұлы жиналған қауымға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының ыстық сәлемін жеткізсе, Нұрдәулет Тоқанұлы көпшілікті келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтап, осы игі шараға қолдау білдірген жомарт жандарға алғыс білдірді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру